COVID-19: Алматыда госпиталь салынып жатыр

COVID-19: Алматыда госпиталь салынып жатыр
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арнап госпиталь салынып жатыр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс барысымен танысты.

Госпиталь тез құрастырылатын конструкциялардан салынып жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында Президент жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай нысан салу туралы шешім шығарған еді. Медицина мекемесіндегі 280 орынның 28-і интенсив терапия бөлімшесі болады.

"Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырғандарды дер кезінде анықтауға, оларды тез оқшаулап, уақытылы, жүйелі емделуіне мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиология ахуалын тұрақты ұстап тұрамыз", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірге госпитальға аса қажет құрал-жабдық алуды, мердігерлерге құрылысты сапалы әрі уақытында бітіруді тапсырды.

Massaget