Германиялық автокөлік өндірушілері өзін-өзі басқаратын көлік құрастыруға шындап кіріскен секілді. Олар CES көрмесінде Mercedes-Benz жүргізушісіз қозғалатын көлік концептін таныстырды.
F 015 Luxury автосы сырт көзге ішкі салоны үлкен, бірақ сыртқы қалпы өте ықшам көрінетін көлікке келеді. Расында көліктің өзін-өзі басқару жүйесімен жабдықталуы жаңалық емес. Дегенмен оның әмбебап деңгейге жетуі жарқын болашақтың кепілі. Mercedes-Benz жоғары технологиялық көлікті дамытып, алға қойған межесін орындай алды.
Автокөліктің ішінде орнатылған төрт орындық электроқұрылғының көмегімен 360 градусқа айнала алады. F 015 автосы көліктің алдынғы шебінде орналасқан, жүргізу кезінде автоматты тұрғыдан түсін өзгерте алатын жарық диодтарымен ерекшеленеді. Егер диодтар ақ түсті болса көлік өзін-өзі басқарады, ал көк түсті болса жүргізуші басқаруды өз қолына алғанын білдіреді.
Mercedes-Benz компаниясы өкілдері F 015 көлігін жасақтау кезінді көміртекті шикізаттың көп пайдаланылғанын айтады. Бұл автоның жеңіл әрі берік болуын қамтамасыз етеді.
Ескере кетсек, жүргізушісіз қозғалатын көлік сутекті жанармай негізінде жүреді. Ал сутек болашақтың жанармайы болғандықтан, бұл технологиямен бірқатар көлік өндірушілер айналысып келеді.
Сондай-ақ, F 015 автокөлігінің ішкі салонына жолаушының қимылын бақылайтын көптеген сенсорлы тетіктер қондырылған. Әмбебап көліктің тас жол төрінен қашан пайда болатыны туралы әзірге ешнарсе айтылмады.
Сурет: www.theverge.com