- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- CES 2015. Kodak...
CES 2015. Kodak брендімен шыққан алғашқы смартфон
Kodak компаниясының жаңа нарықта бой көтеруі туралы жазған болатынбыз. Аталмыш жаңалық CES 2015 көрмесінде ресми түрде расталды.
IM5 деген атауға ие болған жаңа смартфон Bullitt компаниясының серіктестігімен шығады. Kodak компаниясы дәл осындай қадам арқылы өзінің фотоаппараттарына үйреніп қалған тұтынушыларын жаңа өніммен қуантуды көздеп отыр. Себебі, IM5 смартфонының техникалық құрылымы көбіне камерофонға сәйкес келеді.
Kodak-тың бұл өнімі екі камерамен жабдықталған. Оның негізгі, яғни, артқы камерасы 13-мегапиксельге ие болса, алдынғы камерасы 5-мегапиксельмен шектелген. Аппараттың тағы бір ерекшелігі, өзге флагманды смартфондардың күрделі құрылымдары мұнда кездеспейді. Нақтырақ айтар болсақ, барлық функциялар қарапайым орындалу механизмімен бағдарламаланған.
IM5 смартфоны әзірге Android 4.4.2 KitKat жедел жүйесінде жұмыс істейді. Дегенмен компания жыл соңына қарай өнімнің жүйесін Lollipop платформасына ауыстыруды көздеп отыр. Құрылғының қолдану интерфейсі ең басты функцияларға тікелей өтілетін батырмалармен қамданған. Ал оның техникалық мінездемесіне келер болсақ, IM5 5-дюймді IPS-дисплей мен 1,7 Ггц жиілікпен жұмыс істейтін MediaTek процессорына ие. Камерофонның 1 ГБ-ты жедел және 8 ГБ-ты қосалқы жадысы бар.
Қосымша ақпараттарды айта кетсек, аппаратқа екі SIM-карта салуға болады. Оның салмағы – 120 гр. Ал сатылымға ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тек бір ғана нұсқамен шығатын болады. Kodak IM5 құны 357 АҚШ долларына бағаланып отыр.
Сурет: www.phonedog.com
Ж. Өрісбай