Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Burger King Kazakhstan-ның қызметкері Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барған.
"Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (QSR ЖШС (Burger King) ұйым ішінде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс кезінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта жағдайдың даму барысы қосымша хабарланады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Burger King төңірегінде дау шықты. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы желіде жазба жариялады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!