- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Bolashak Business Talks»...
«Bolashak Business Talks» атты жаңа коммуникативтік алаң іске қосылмақ
Осы бейсенбіде 27-ші қазан күні «Bolashak Business Talks» атты жаңа коммуникативтік алаң іске қосылады. «Bolashak Business Talks» – жас новаторлар, бизнесмендер, кəсіпкерлік пен инновация саласындағы сарапшылардың өзара тəжірибе алмасуына арналған бірегей нетворкинг алаңы.
Шақырылған спикерлер арасында:
Кебекбаев Алмас – TOP GROUP-тың бас директоры, бұрын Вашингтондағы (АҚШ) American Councils for International Education (Американдық кеңестер) софт жасаушысы болған;
Абадан Гани – интернет магазин иесі және «Abadan & Company» консалтинг компаниясының негізін қалаушысы және негізгі серіктесі;
Назаралиев Аслан – «SONA Lab» өндірістік компаниясының иесі, сондай-ақ «Scoopers» (www.scoopers.kz) және «Zertis Agro» компанияларының негізін қалаушы;
Джолдаспаев Муслим – HiPO.kz онлайн-сервисінің негізін қалаушысы және бас директоры.
Барлық қатысушылар үшін фуршет ұйымдастырылатын болады. Ол жерде Сіз жаңа бизнес байланыстар орнатып, сондай-ақ құнды сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігіне ие бола аласыз!
«Bolashak Business Talks» атты жаңа коммуникативтік алаңының қатысушылары: Алматы қаласының белсенді жастары және студенттері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, жас кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері және түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Бұл іс-шара инновациялық және бизнес алаңдарын қолдауға арналған жоба аясында ұйымдастырылады, негізгі мақсаты – Алматы қаласындағы жастар кəсіпкерлігін дамыту болып табылады. Шара Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қоры және Қазақ спорт және туризм академиясының қолдауымен ұйымдастырылады.
Жоба соңында Жас кəсіпкерлердің диалогтық форумы аясында «Young Entrepreneurs Store» - сауданы көтеру және тұтынушыларды шақыру мақсатында уақытша (1 күн) сауда алаңы өткізілмек.
Ж. Жұмағұлов