Microsoft Испанияда өтіп жатқан Mobile World Congress көрмесінде Bluetooth арқылы жұмыс істейтін жиналмалы пернетақтаны ұсынды, деп жазады 24.kz.
Оны iOS, Android, Windows-құрылғыларымен пайдалана беруге болады. Пернетақта екі бүктеліп жиналатын болғандықтан, тасымалдауға өте қолайлы. Оның беткі бөлігінде жұмыс режимін операциялық жүйелерге сәйкес өзгертуге болатын пернелер бар. Оның қуат көзі 3 айдай уақыт жұмыс істеуге жетеді. Компания мамандарының мәлімдеуінше, пернетақтаға су тигеннің өзінде ол бұзылмайды.
сурет: youtube.com