Бұған Twitter-ді сатып алу және ол негізін қалаған Tesla компаниясы акцияларының құлдырауы себеп болған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Илон Масктың байлығы 2021 жылдың соңынан бері 200 миллиард доллардан астамға қысқарды, бұл бір адамның дүниежүзі тарихында жоғалтқан ең үлкен сома.
Басылымның мәліметінше, 2021 жылдың қарашасында Масктың байлығы шамамен 340 миллиард долларды құрады, бірақ ол негізін қалаған Tesla электромобиль өндірушісі акцияларының күрт төмендеуіне байланысты, сондай-ақ Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алғаннан кейін оның активтері $137 млрд-қа түсті. Осылайша Масктың кейінгі екі жылдағы ең төменгі көрсеткіші.
Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың тізімі көшбасшысын ауысты.
Маск әлемдік Forbes нұсқасы бойынша миллиардерлер рейтингінің екінші қатарына түсіп қалды. Биыл бірінші орынға LVMH компаниялар тобының президенті (Louis Vuitton Moet Hennessy) Бернар Арно көтерілді. Желтоқсан айының басындағы оның байлығы шамамен 184,7 миллиард долларды құрады.