Balenciagа брендінің сән көрсетіліміне алғаш рет қазақ модель шықты

Қазақстандық Рахат Көшкінбаев атақты Balenciagа брендінің сән көрсетіліміне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол инстаграм парақшасында жазды.

"Мен Balenciagа көрсетіліміне қатысқан бірінші қазақ екенімді мақтан тұтамын", - деп жазды жас жігіт.

Ол сондай-ақ өз командасын және Balenciaga сән үйіне қолдау үшін алғыс білдірді.

Рахат Көшкінбаев басқа модельдермен бірге бұл брендтің күз-қыс топтамасына кіретін аксессуарлары мен киімдерін таныстырды.