Оңтүстік Кореяның атақты Baby Shark ("Кішкентай акула") атты балалар әні YouTube видеоплатформасында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Клип 10 миллиардтан астам қаралым жинады.
Видеоклиптің өзі платформаға 2016 жылы 18 маусымда жүктелген. Содан бері төрт жарым жылдың ішінде 32 миллион лайк пен 10 014 707 884 қаралым жинады. Орта есеппен видеороликті күніне 5 миллион адам қарап отырған.
Видеоклиптің оңтүстік кореяның Pinkfong атты білім беру компаниясы түсірген. Әнді орындаған – 10 жастағы әнші Хоуп Сегойн.
Ал әннің өзі 1970-жылдары жазылған әрі алғаш АҚШ-тағы жазғы лагерьлердің біріне орындалған. Видеоклиптегі акуланың қимылы 1975 жылы кинорежиссер Стивена Спилберг түсірген "Челюсть" фильмінен алынған.
Әндегі "doo doo doo doo doo doo" ырғағы Оңтүстік Кореяда мейнстримге айналған әуен. Танымал әншілер мен бишілер шетінен осы ырғақты пайдаланатын болды.
2020 жылғы қарашада бұл видеролик 7 миллиард қаралым жинаған еді.