Танымал кореялық BTS тобының мүшелері әскери борышын өтеуге дайын екенін айтты. Бұл туралы топтың ресми Big Hit Music компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды YonhapNews агенттігі.
Big Hit Music компаниясы BTS тобының мүшелері әскери борышын өтеуге дайын екенін Twitter-парақшасында жариялады. Топтың мүшесі Jin қазанның аяғында әскерге дайындығын бастайтыны мәлім болды.
"Big Hit Music BTS тобы міндетті әскери қызметін өтейтінін растайды.
Big Hit Music қазір BTS мүшелерінің әскерге баруды жоспарлап жатқанын хабарлайды. Пусандағы концерттен кейін және топ мүшелеріне әскери қызметін бастауға уақыт келді.
Джинді әскерге қабылдау процесі қазанның аяғында басталады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда 18 бен 28 жас аралығындағы ер-азаматтар міндетті әскери қызметін өтеуі керек. 2018 жылы кореялық шенеуніктер топты әскерден босату туралы талқылады. Ал 2020 жылы топтың әскерге шақырылуы екі жылға кейінге шегерілді.
Еске салайық, BTS - HYBE компаниясының қолдауымен құрылған кореялық жігіттер тобы. Алғаш сахнаға 2013 жылы 13 маусымында "No Мore Dream" әнімен шықты. Топтың "Boy In Luv", "I NEED U", "RUN", "IDOL" әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!