- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Artsport" бағдарламасынан қомақты...
"Artsport" бағдарламасынан қомақты ақша жымқырған футбол клубының директоры сотталды
"Artsport" бағдарламасынан қомақты ақша жымқырған футбол клубының директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай заңбұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер тіркелді. Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілердің бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген", - делінген Алматы прокуротурасы хабарламаcында.
Биыл 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша клуб директорына қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
"Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген Алматы қаласының прокуратурасы мәліметінде.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz