Apple корпорациясы ағымдағы жылдың төртінші кварталына қатысты қаржы есебін жариялады. Компания соңғы үш айда 51,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде табысқа жеткен. Ал оның ішіндегі дивиденті – $11,1 миллиард. Нәтижесінде акционерлер әрбір акциясы үшін 1,96 АҚШ долларынан сыйақы алып отыр. Бұл үшінші кварталмен салыстырғанда үш есе көп.
Купертинолық компания өткен жылы осы кварталда $42,1 миллиард табысқа кенелген болатын. Табыстың 62%-ы компания өнімдерінің шетелдегі сатылымынан түсіп, биылғы көрсеткіш $9 миллиардқа (22,5%) көбейген. Ресми ақпаратқа орай, табыс мөлшері жаңа iPhone, iMac және Apple Watch сатылымға шығу есебінен артқан.
Тим Кук 2015 жыл компания үшін ең табысты жыл болғанын айтады. Өткен жылғымен салыстырғанда акционерлердің дивиденттері 28%-ға, яғни $234 миллиардқа өскен. Америкалық компания 2016 жылдың бірінші кварталында жоспарлы $75,5-77,5 миллиард көлемінде табысқа жетуді көздеп отыр.
Айта кетсек, Apple корпорациясының нарықтағы басты бәсекелесі Samsung биылғы жылы нарыққа шыққан өнімдерінің арқасында соңғы кварталдағы табысы 80%-ға артқан.