Жуырда ғана Apple компаниясы өзінің негізгі платформасын жаңартқан болатын. Жаңа операциялық жүйенің қолданысқа енгенінен бастап, тұтынушылар ретінен бірталай арыз-шағым түсе бастады. Себебі жаңартылған платформаның шикіліктері көріне бастаған.
Дегенмен, жіберілген қателікті реттеу мақсатында Apple компаниясына шұғыл түрде платформаны жаңартып, тұтынушылардың наразы толқынын тоқтатуға тырысты. Проблема Touch ID тетігі мен байланыс қызметіндегі ақауларында болған.
Енді iOS 8.0.2 нұсқасы қолдануға дайын тұр. Сондай-ақ, оған ақаулардан бөлек iOS 8.0.1 нұсқасының функциялары өткен. Ал шикі нұсқаны қондырып үлгермегендерге құрастырушылар алдыңғы нұсқасында қалуларын сұраған еді. Ал қолданысқа енгізіп үлгергендерге платформаны қайта өзгертуге кеңес берілді.
Сонымен қатар, 8.0.2 нұсқасында виртуалды пернетақталар, фотожинақтағы суреттер мен Family Sharing функциясы іске қосылады деп күтілуде.
Осыдан бір апта бұрын компания басшылығы орын алған қателікке қатысты есеп беріп, кешірім сұраған. Содан кейін де 10 күн көлемінде тұтынушылар байланысқа шығу мүмкіндігінен айырылған. Компанияның ақпарат көзіне сүйенер болсақ, проблема 40 000 iPhone 6 және 6 Plus смартфондарына кері әсерін тигізіп үлгерген екен.
Айта кетсек, MacRumors жариялаған мәлімдеге орай, Аустралиядағы көптеген тұтынушы 8.0.2 нұсқасын қондырып алса да, байланысқа шыға алмай жатыр екен.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: appleinsider.ru