Apple планшеттер нарығынан түсіп қалуы мүмкін

IDC сараптамалық статистикасына сүйенсек, Apple-дің планшеттер нарығындағы көшбасшылар рейтингінен түсу қаупі бар. Америкалық компаниянының брендті өнімін Android және Windows нұсқасында көптеп шығарылып жатқан таблеттер мен планшеттер әлемдік нарықтан ысырып жатыр. Оған қоса, Қытайдың арзан бағамен шығарылып жатқан планшеттері де өз пайызын құрап отыр.

Ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі кезге дейін әлемде 49,3 млн. планшет сатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың статистикасынан 11 пайызға жоғары болып отыр. Соның ішінде 13,3 миллионы iPad иелігіне еніп тұр. Ал бұл сандық көрсеткіш өткен жылдың алты айлық сараптамасымен салыстырғанда 9,3 пайызға кеміген. Демек, Apple компаниясы нарықтағы дәрежесін әр жылы он пайызға жоғалтып отыр.

Дегенмен, Apple біріншіліктен түспеуге тырысып бағуда. Осы жылдың сәуір айынан маусымға дейінгі нарықтық көрсеткіште Apple 27 пайызды өз айналымында ұстай алған болса, осы уақыт аралығында Samsung 8,5 млн. планшетімен (17%), Lenovo – 2,4 млн. (4,8%), ал ASUS – 2,3 млн. Apple-ден өзге аталған компаниялардың барлығы пайыздық өсімге қол жеткізген.

Жалпы жыл өткен сайын әлемдік нарықта планшет өндіретін компаниялардың саны да артып келеді. Олар екінші деңгейде келіп жатқандарымен, белгілі бір пайыздық мөлшерлемелерді алып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.iphones.ru