Apple өз тарихындағы рекордтық табысқа жетті

Apple компаниясы соңғы кварталдың есебін берді. Табыстың жалпы сомасы 74,6 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 30%-ға артқан. Бұл сандық көрсеткіш осыған дейінгі сарапшылардың болжаған табысынан да асып өтті. Ал дивидент ретінде түскен нақты пайда $18 миллиард қаржыға жетіп отыр. Купертино қаласының алып корпорациясы үшін табыстың негізгі көзі iPhone смартфондары болыпты.

Америкалық өндіруші брендті өнімдерінің үш айдағы сатылымы бойынша 74,5 миллиард қаржыға кенелген. Бұл Microsoft компаниясының Nokia брендімен қоса сатылымға шыққан барлық өнімінен түскен табыстан жоғары көрсеткіш болып отыр. Айта кетсек, соңғы кварталда 21,4 миллион iPad сатылған болса (өткен жылы – 26 миллион дана), Mac компьютерлері мен өзге де девайстардың саны 5,52 миллион данаға жеткен.

Apple компаниясы 2001 жылдан бері iPod өнімдерін жеке есепке қоспауды ұйғарған. Себебі аталған жылдан бастап музыкалық плеер жүйесі интернет құрылымға ауыса бастаған болатын. Сондықтан да аталған гаджеттің дүкендер сөресінен алына бастауы айқын көріне түсті.

Apple компаниясының келесі кварталдағы табысы $52-ден 55 миллиард сомаға жетуі мүмкін. Алдағы үш айдың есебіне жуырда жаппай сатылымға шығатын Apple Watch пен Retina дисплейі бар MacBook Air өнімдерінің сатылымының кіруі маңызды болып отыр.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың басында шартты белгілер бағамының өзгеруі бойынша Apple өнімдерінің ТМД елдеріндегі бағасы біршама қымбаттай түсті. Дегенмен бұл сатылымның деңгейіне еш әсер ете қоймады.

Сурет: galleryhip.com

Оқи отырыңыз:

Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?

2014 жылы ең көп сатылған смартфондар

Apple 4-дюймді iPhone 6s mini смартфонын шығарады