Apple күніне 500 мың iPhone шығарады

Apple күніне 500 мың iPhone шығарады

Apple компаниясының тапсырысына орай, азиялық серіктестер барынша тырысып жатқанымен, белгіленген көлемге шығарылымдар жетпей жатыр. Құрастырушыларды айыптаудың жөні жоқ. Себебі олар да дисплейлердің тапсырысын күтумен әлек.

Қытайдың Чженчжоу қаласы Foxconn компаниясының маңызды әрі табысты ортасы болып табылады. Wall Street Journal хабарлауынша, қытайлық серіктес компания жаңа жұмысшыларға зәру болып отыр екен. Әзірге қолда бар, 200 мың іскер мамандар силикондық компанияның тапсырыстарын уақытында жеткізуге ат салысып жатыр. Құрастыру үдерісі 100 қатарда ұйымдастырылып, компания тәулігіне 540 мың жаңа смартфон шығару үстінде. Бұл рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, мұхиттың арғы жағы риза емес. Одан да көп керек.

Қазіргі жағдайдың дұрыс бағытынан бұрыс бағытына ауысып кетуі де мүмкін. Apple компаниясының талабы бойынша барлық тапсырыстың 25 пайызы iPhone 6 Plus смартфонын құраса, қалған пайыздық көрсеткіші негізгі коммерциялық бағытта iPhone 6 моделіне жұмсалуы тиіс болған. Дегенмен, тапсырыс алушы талдау жасай көре, алдын ала түсіп жатқан тапсырыстардың мүлде өзгеше болып жатқанын айтады. Сәйкесінше, Foxconn қазіргі кезде, тәулігіне 400 мың iPhone 6 және 140 мың iPhone 6 Plus шығарып жатыр. Тұтынушылардың сұранысы өзгеріп кететін болса, қытайлық серіктес компания тапсырысты орындай алмайтын болады. Себебі құрастыру құрылғыларын өзгерту біршама уақытты алады.

Жаңа диагональға ауысу құрастырушыларға қиындық тудырған жоқ. Дегенмен, жұмыс барысында қателіктердің әдеттен тыс көп орын алуы болып жатыр. Чженчжоу зауытына келіп түсіп жатқан дисплейлердің дерлік 85 пайызы сапа көтермейтін болып шықты. Ал смартфонның өзге де бөлшектеріне тоқталар болсақ, олардың да сапасы Apple-дің талабына сай емес. Мынадай қарбалас жағдайда, сапа мен жылдамдықты қалай арттыруға болады?

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: mcstore.com.ua

Ж. Өрісбай