Дербесжәнепланшеттікомпьютерлер,аудиоплеерлер,телефондарменбағдарламаларөндірушітанымал Appleкорпорациясы соңғы шыққан iPhone Xсмартфонын шығаруды тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы BGRпорталы хабарлады. Қытай нарығында iPhone Xсмартфонына сұраныс азайған. Корпорация басшылары осыған байланысты жаңа өнімдерінің шығарылымын тоқтату жайында ойлана бастаған. Үш ай ішінде саудаға 18 миллион смартфон шығарылған. Ал корпорация сарапшылары бұл көрсеткіш 30 миллионды құрайды деп ойлаған. Нәтижесінде жаңа смартфонның сатылымы осыған дейінгі iPhone-дан аса алмайды екен. Сарапшылар пікірі бойынша қытайлықтарға жаңа смартфонның дизаины мен техникалық мүмкіндіктері ұнамаған. Оның үстіне бағасы да қымбат. Apple өнімдерін пайдаланатындар үшін жаңа iPhone Xсмартфоны аса ұнай қоймаған. Олардың айтуынша, жерге құласа тез сына кететін де көрінеді.