Apple компаниясы IOS Apple App Store интернет-дүкенін вирустан тазартқанын айтты. Бұл туралы Reuters жазды.
Сервиске 16 қыркүйекте хакерлік шабуыл жасалған. Мамандардың айтуынша, хакерлер Қытайда болған. Олар Apple өнімдерінің қатарына XcodeGhost деп аталатын бағдарламаны қосып қойған. "Біз сервисті қалпына келтірдік. Барлық вирустарды жойдық", - деді компания өкілі Кристин Монахан.
Компания вирусты жұқтырған өнімдерді интернет-дүкеннен алып тастаған.
Айта кетелік, App Store компанияға ең көп ақша әкелетін өнімдердің бірі. 2013 жылы сервис 18,3 миллиард доллар пайда түсірген.