Apple iOS қолданушыларына арналған әлеуметтік желі шығарады

Apple iOS қолданушыларына арналған әлеуметтік желі шығарады

АҚШ-та Apple корпорациясы жаңа әлеуметтік желі құру мақсатында жаңа патентке ие болды. Жаңа онлайн қоғам iOS оперативті жүйесінің мобильді қолданушыларына арналып жасалады. Бұл туралы АҚШ-тың патент беру бюросының ресми сайтында жарияланды.

Желі әрбір тіркелушінің өмір сүру стиліне қарай бөлінетін әлеуметтік топтар негізінде құрылады. Ресми ақпаратқа орай, гаджет қолданушының күнделікті жүру бағытын картаға түсіріп отырады. Осылай тіркелушілердің өзіндік картасы дайын болған кезде белгілі бір онлайн топтардың негізі қаланады. Айта кетсек, қолданушылар өздері баратын күнделікті орындарда жаңа достарын кезіктіретін болады. Сонымен қатар, желіге анонимді түрде тіркелу де мүмкін болмақ.

Арнайы құрылған топтарда желі қолданушылары жылдам хабарлама алмасып, кездесулер ұйымдастыра алады. Кез келген адам жаңа желіні пайдалана алады. Тек оның iOS құрылғысы, яғни iPhone смартфоны, iPod touch плеері немесе iPad планшеті бар болуы керек.

Естеріңізге сала кетсек, Apple корпорациясының әлеуметтік желі саласында біршама тәжірибесі бар. Дегенмен, оны сәтті деп бағалауға келмейді. Айта кетсек, 2010 жылы корпорация iTunes пайдаланушыларын музыкалық қызығушылықтарына қарай Ping әлеуметтік қызметінде топтастырып, әлемдік деңгейде дамытуды көздеген болатын. Ал 2012 жылы Apple басшысы Тим Кук бұдан былай Ping әлеуметтік желісіне қаржы бөлінбейтінін айтып, қызметтің жабылғанын ресми хабарлайды. 

Ұқсас жазбалар: 

Әлеуметтік желілер жайлы 20 факт

Байларға арналған әлеуметтік желі ашылады