Apple компаниясы iMac моноблогына арналған виртуалды пернетақта шығару үшін патент алды. Технология виртуалды құрылымға ие болғанымен, жанасу сезімін таныта алады. Нақтырақ айтар болсақ, тұтынушы пернетақтаны қолданған кезде оның виртуалды екенін байқамайтын болады.
Business Insider ақпараттық ресурсының жазуынша, купертинолық компания өзінің жаңа өніміне Apple Watch смарт-сағатында қолданылған Taptic Engine технологиясын пайдаланады. Осыған дейін аталған технология 13-дюймді MacBook Pro мен жаңа MacBook трекпадының өндірісінде қолданылған. Расында пернетақтаға жанасқан кезде оның шынайы екенін сезінгеніңізбен, ол виртуалды құрылымға ие құрал болмақ.
Ғаламтор басылымдарының хабарлауынша, Apple виртуалды пернетақта жасау арқылы MacBook ноутбуктерін жіңішке әрі жеңіл етіп жасауға қол жеткізбек. Сондай-ақ, оның батырмалар саны мен функциялары артатын болады.
Сурет: www.ifanr.com
Ұқсас жазбалар:
Жаңа смарт-білезік смартфонның орнын басады (Видео)
Қытайлық Xiaomi компаниясы смарт-кроссовкі шығарады
VAIO алғашқы смартфоны қандай ерекшеліктерге ие?
Ең қымбат iPhone 6 шағын аралдың бағасымен сатылуда (Видео)