Америкалық Apple компаниясы былтыр шыққан iPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max сияқты бірнеше танымал смартфон үлгілерін сатуды тоқтатты. iPhone 11 мен iPhone 12 mini де енді сатылымға шықпайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Verge басылымына сілтеме жасап.
"Гаджеттер қоймалардағы қор таусылғанша ғана сатылады", - делінген мақалада.
Дереккөздің айтуынша, Apple олардың өндірісін жаңа гаджеттер сатылуы үшін тоқтатады. Компания 2022 жылы 5G байланыс стандартын қолдайтын смартфондарды ғана шығаратыны хабарланды: iPhone 14, iPhone 14 Plus, iPhone Pro, iPhone Pro Max, iPhone 13, iPhone 13 mini, iPhone 12 және iPhone SE екінші буыны.
Еске салайық, Apple жаңа iPhone 14-ті 7 қыркүйекте таныстырды. iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max 16 қыркүйектен бастап сатылымға шығады деп күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!