Apple компаниясы шығарған кез келген өнім арзан бағада сатылмайды. Себебі олардың сапасы жақсы әрі бренд ретінде белгілі. Соның ішінде MacBook ноутбугі де кез келгеннің қалтасына түсе беретін зат емес. Air маркалы өнімін ұмытып, MacBook Pro-ға ауысқалы компанияның MacBook өнімдерінің бағасы күрт көтеріліп кетті. Себебі оның ішкі құрылымы бірнеше жұмысты қатар жасауға және ешқандай кідіріссіз жұмыс істеуге жабдықталды. Компания ақыры бір шешімге келді. Олар MacBook Air өнімін қайта жандандыру мақсатында, арзан бағада Pro-ға жақын өнім жасайды. Аталған жаңа өнім туралы Inverse баспасы, General Interface Solutions-ке сілтеме жасайды. Арзан әрі сапалы бағадағы MacBook Air (жаңартылған түрі) 2018 жылдың екінші жартысынан бастап сатылымға шығады. Компанияның айтуынша, MacBook 1200 АҚШ долларынан аспайды және бұл әкімшіліктің басты талабы.