2015 жылдың басынан бастап Apple корпорациясы iPad тәртібінде ең үлкен планшет шығаруды жоспарлап отыр. iPad планшетінің келесі ұрпағы 12,9 дюймді диагональға ие экранмен жабдықталатын болады.
Қазіргі кезде, компания ең үлкені 9,7 дюйм болатын планшеттермен шектеліп жатыр. Расталған ақпараттарға орай, Apple жаңа идеяға қатысты жобаны бір жылдан бері талқылап келеді екен. Дегенмен, баспасөз қызметінің өкілдеріне нақты ақпарат беретін емес.
Айта кетсек, Apple-дің iPhone смартфондарынан кейінгі екінші орындағы табыс көзі болған iPad планшеттерінің сатылымы осы жарты жылдықта екі есеге азайып кетті. Компанияның сарапшы мамандары бұл шығынның нарықтағы планшеттердің және планшет тәрізді смартфондардың саны артқаныдығынан деп отыр. Оған қоса, планшеттер бағасының арзандауы мен жарнаманың белсенді жұмыс істеуі де өзіндік фактор болып отыр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.customercentric.info