- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Apple Samsung компаниясын...
Apple Samsung компаниясын сотта тағы да жеңіп шықты
Алпауыт компаниялардың арасында өршіген сот ісі өткен жылы басталған болатын. Ол кезде әділ үкім Apple-дің арызын мақұлдап, Samsung компаниясын 930 миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Ал оңтүстіккорейлік компания өкілдері мұнымен келіспей, қайтадан қарсы шағымын білдіріп еді. Сол сот отырысы кеше өз мәресіне жетті.
Адвокат зерттеулері мен сот залындағы тыңдаулар барысы тағы да Samsung-тің патенттік заңды бұзғанын дәлелдеді. Дегенмен, патенттік заң Apple компаниясының өніміне қатысты бұзылмағаны анықталып, төленетін өтемақы құны қайта қаралатын болды.
Расында, сотта келтірілген барлық дәйектеме iPhone мен iPad өнімдерінің патентіне қатысы жоқ. Дегенмен, Apple өнімдерінің дизайндық ерекшеліктері көшіріліп алынғаны расталып отыр. Сол себепті Samsung компаниясы өзінің Galaxy линейкасын өндіруде ешқандай заңбұзушылық (техникалық тұрғыдан) жасамаған. Сот үкімі бойынша, қысқартылған өтемақы мөлшері енді 548 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл купертинолық заңгерлердің ойынан шықпаса да, олар соңғы шешімге көніп отыр.
Apple компаниясының өкілдері аяқталған арпалыста дизайнның жеңіске жеткенін айтады. Бір жағынан Samsung компаниясы да соңғы шешімге риза болып, қайта шағым туралы сөз болмайтынын мәлімдеді.
Айта кетсек, патент туралы заңда дизайнның көшірілу құқығына қатысты нақты ережелер келтірілмейді. Сондықтан америкалық компания өз дегенін соңына дейін жеткізе алмады. Ал Samsung компаниясының енді мұндай шағымнан аулақ болатыны анық.
Ұқсас жазбалар:
Samsung компаниясы Apple-ді сынға алды
Samsung компаниясы Apple-ға миллиард доллар айыппұл төлейді
Ж. Өрісбай