Apple 22 жыл жұмыс істеген топ-менеджерін TikTok-та сәтсіз әзілі үшін жұмыстан қуды

Apple компаниясы TikTok-тағы сәтсіз әзіл үшін сатып алу жөніндегі вице-президент Тони Блевинсті жұмыстан шығарды. Бұл туралы Bloomberg басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vc.ru-ға сілтеме жасап.

Жұмыстан шығаруға себеп болған видео 2022 жылғы 5 қыркүйекте TikTok-та жарияланды. Онда блогер Блевинстен қымбат Mercedes-Benz SLR McLaren суперкарын сатып алатындай кім болып жұмыс істейтінін сұрады.

Блевинс сұраққа жауап ретінде 1981 жылы шыққан "Артур" фильмінің үзіндісін айтты: "Мен қымбат көліктерді ұнатамын, гольф ойнаймын және кеуделі ханымдарды жақсы көремін, бірақ демалыс және мереке күндері демаламын".

Apple HR бөлімі қызметкерлерден 1,3 миллион қаралымы бар видео туралы білді. Қызметкерлер мұндай пікірді гендерлік теңдік пен түрлілікті көпшілік алдында қолдайтын компания үшін қолайсыз деп санады. Кейінірек видео Apple-дің негізгі басшыларына жетті.

Блевинспен "қоштасу" туралы шешімді Apple компаниясының операциялық директоры Джефф Уильямс қабылдады, ол оның бұрынғы командасын уақытша басқарады. Блевинс Bloomberg-ке жұмыстан босатылғанын растады және "сәтсіз әзілден ренжіткен барлық адамнан" шын жүректен кешірім сұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!