Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр кандидатурасын кім ұсынуға құқылы екенін айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!