Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

"Аманат" партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін табысты республиканың құрылысын бірге бастадық. Барлық жоспарымызды жүзеге асыратын және таңдалған жолдан бас тартпайтын көшбасшымыз бар екені маңызды. Халқымыз үшін ең қиын кезеңде барлық жауапкершілікті өз мойнына алған көшбасшы мемлекеттілікті сақтап, елдің хаосқа түсуіне жол бермеді.

Сондықтан бүгінде Amanat партиясының міндеті және сіз бен біздің тарихи жауапкершілігіміз - Президенттің прогрессив реформалары төңірегінде барлық қазақстандықты біріктіру. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Съезд делегаттары мені бірауыздан қолдайды деп ойлаймын", - деді Парламент Мәжілісінің спикері - Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері, партияның саяси кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері қатысқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!