Алматыда өтетін ATP 250 турнирінің ұйымдастырушылары wild card иелерінің есімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тимофей Скатов пен Бейбіт Жұқаев жекелей сында негізгі сеткаға арнайы шақырту алды.
Әмір Омарханов іріктеудің wild card иегері атанды.
Жұптық сындағы негізгі сеткада мына теннисшілер ойнайды: Александр Шевченко – Тимофей Скатов және Денис Евсеев – Бейбіт Жұқаев.
Денис Евсеев (Алматы), Бейбіт Жұқаев (Ақтау) және Әмір Омарханов (Қарағанды) – қазақстандық теннис мектебінің түлектері, Тимофей Скатов Петропавл тумасы.
Алматыда 13-20 қазан аралығында ATP 250 Almaty Open турнирі өтеді. Фрэнсис Тиафо (15 ATP), Себастьян Корда (16 ATP), Алехандро Табило (22 ATP), Артур Фис (24 ATP), Карен Хачанов (27 ATP), Флавио Каболли (32 ATP), Томас Махач (34 ATP), Адриан Маннарино (44 ATP) және тағы басқа әлемдік теннис жұлдыздары жарысқа қатысуға өтініш берді.
Қазақстанның намысын Александр Бублик, Александр Шевченко, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов қорғайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!