Almaty Marathon мыңдаған сәбилерге салауатты болашаққа мүмкіндік сыйлайды

Almaty Marathon мыңдаған сәбилерге салауатты болашаққа мүмкіндік сыйлайды
Фото: Роман Либерчук

"Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры "AYALA" қайырымдылық қорымен бірлесіп, 106 241 284 теңгелік арнайы диагностикалық жабдықты Шымкент пен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа берді. Бұл - Қазақстандағы сәби мүгедектігін төмендетуге бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі.

2024 жылы Түркістан облысы елде туу көрсеткіші бойынша бірінші орында. Аймақтағы екі жоба сәби мүгедектігінің даму қаупін төмендетеді: "Бір күндік клиника" жүктілік кезінде патологияларды анықтайды, ал "Әлемді көремін" жобасы - туған соң бірден диагностика жүргізеді. Биыл "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры және "AYALA" қайырымдылық қоры жобаларды іске асыруға 106 241 284 теңге бағыттады. Қаражат Almaty Marathon қатысушыларының сөрелік жарналары мен серіктестердің үлесі арқылы жиналды.

"Бір күндік клиника" үшін қорлар Түркістан облыстық №2 перинаталдық орталығына 79 541 284 теңгеге FISH-диагностика зертханалық жабдығын орнатты. Бұл микроскоп жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомдық ауытқуларын анықтап, туа біткен патологияларды анықтайды. Жоба аясында жыл соңына дейін 500-ден астам болашақ ана МӘМС есебінен тереңдетілген скринингтен өтеді. Орталық командасының есептеуі бойынша, 15 жыл ішінде бұл жабдық облыстағы сәби мүгедектігінің деңгейін 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

"Әлемді көремін" жобасы үшін Шымкент қалалық перинаталдық орталығына 26 700 000 теңгеге заманауи ретиналды камера орнатылды. 5 ай ішінде дәрігерлер 150 жаңа туған нәрестені, соның ішінде соқырлыққа әкелуі мүмкін ретинопатиясы анықталған 20 баланы тексерді. Барлық балалардың көру қабілетін сақтап қалу мүмкін болды, ал болашақта жыл сайын 8000-нан астам бала көз скринингінен өте алады.

"Бірінші болу – батылдық" КҚ 2012 жылдан бері Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасы Almaty Marathon-ды өткізіп келеді. Қор қайырымдылықпен айналысады және 277 миллион теңгеден астам сомаға 30-дан астам жобаны жүзеге асырды.

"Жыл сайын Almaty Marathon-ның мыңдаған спортшысы еліміздегі оң өзгерістер үшін жүгіреді. Біз жабдықтың алғашқы күндерден бастап дәрігерлерге кішкентай қазақстандықтардың - болашақ марафоншылардың денсаулығын сақтауға көмектесетініне қуаныштымыз", - деп атап өтті "Бірінші болу – батылдық" КҚ атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. 

"AYALA" қайырымдылық қоры - Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз ұйым. 18 жыл жұмыс істеу барысында қор 2,8 миллиард теңгеден астам қаражат жинап, еліміз бойынша 67 балалар реанимациясын заманауи жабдықпен қамтамасыз етті.

2025 жылдан бастап "Бірінші болу – батылдық" КҚ-ның кез келген жүгіру жарысына қатысу арқылы сәби мүгедектігінің деңгейін төмендетуге бағытталған қайырымдылық жобаларын қолдауға болады. Тіркелу кезінде жүгірушілер кез келген соманы қайырымдылыққа аудара алады. Astana Half Marathon және Almaty Marathon-ға тіркеу ашық.  

Суреттер: Роман Либерчук

Серіктестік материал

Massaget.kz
Logotype Massaget