Almaty Marathon: автобус сызбалары өзгереді

Almaty Marathon: автобус сызбалары өзгереді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 29 қыркүйекте Almaty Marathon өтеді, осыған байланысты сағат 06.00-ден 12.30-ға дейін 74 автобус маршруттарының сызбалары өзгертіліп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әрбір маршруттың қозғалысының уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасында сілтеме бойынша толық танысуға болады. 

Еске салайық, 29 қыркүйекте сағат 6:20-дан 12:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Қашықтықтан өту барысында спортшылар трассаны ашады.

Марафонның басталуы мен аяқталуы Республика алаңында болады. Сондықтан Сәтбаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жабылады.

29 қыркүйек:

Назарбаев даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі қозғалыс 6:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Достық даңғылымен екі бағытқа балама жол қозғалысы.

Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі қозғалыс іс-шара күні сағат 6:30-дан 9:45-ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөліктің өтуі үшін ашық болады. Батыс бағытта балама жол қозғалысы Төле би көшесі мен Абай даңғылында жүзеге асырылады.

Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ішінара 6:35-тен 10:15-ке дейін жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылымен шығыс бағытта балама жол қозғалысы.

Саин көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта қозғалыс таңғы 7:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол қозғалысы.

Абай даңғылының шығыс бағытындағы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:10-нан 11:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшесі бойынша балама қозғалыспен жүруге болады.

Абай даңғылындағы Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:20-дан 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойынша балама жол жүру.

Байтұрсынов көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 12:15-ке дейін толығымен жабылады.

Сәтбаев көшесі бойынша шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі қозғалыс 7:40-тан 12:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Төле би көшесімен балама жол қозғалысы.

Шашкин көшесі бойынша әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:05-ке дейін толығымен жабылады. Марков көшесі бойынша балама жол қозғалысы.

Тимирязев көшесі бойынша Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:15-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен балама жол қозғалысы.

Байзақов көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:35-тен 08:50-ге дейін жабылады. Әуезов көшесі бойынша солтүстік бағытта, Манас көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалсы.

Құрманғазы көшесі бойынша Байзақов көшесінен Байсейітов көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:40-тан 08:10-ға дейін жабылады. Төле би көшесі бойынша шығыс бағытта балама жол қозғалысы.

Абылай хан даңғылы бойынша Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі қозғалыс ішінара 7:45-тен 09:15-ке дейін жабылады. Қонаев көшесі бойынша солтүстік бағытта, Достық көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалысы.

Желтоқсан көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:50-ден 09:20-ға дейін жабылады. Достық көшесі бойынша балама жол қозғалысы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина