"Алматы Арена" мұз сарайындағы өрт болған жерден үш бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
"Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологы бір балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп, үш баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді. Өрттің себебін анықтау үшін ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр", - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Алатау ауданындағы "Алматы Арена" мұз сарайында өрт шыққанын жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин