Alibaba «қытайлық YouTube» қызметін сатып алады

Alibaba «қытайлық YouTube» қызметін сатып алады
Фото: www.cnbc.com

Қытайдағы алып интернет компаниялардың басын біріктірген Alibaba корпорациясы Youku Tudou видеоқызметін 3,7 миллиард АҚШ долларына сатып алмақ. Бұл туралы NASDAQ хабарлады.

Қазіргі таңда Alibaba Group қоғамда «қытайлық YouTube» аталып кеткен видеохостингтің 18.3% акциясын иемденіп отыр. Ресми ақпаратқа орай, Alibaba басшысы Джек Ма Youku компаниясының әрбір акциясына $27.6 көлемінде төлейтінін мәлімдеген.

Youku мен Alibaba Group компаниялары арасындағы өзара келіссөз ағымдағы жылдың қазан айында басталған. Сарапшылар айтуынша, жалпы құны $3,67 миллиард болатын келісім 2016 жылдың басына дейін жалғасады.

Youku қызметі Қытай территориясында 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аспан асты елінің үкіметі YouTube видеохостингін қолдануға тосқауыл қойғаннан кейін оның қытайлық аналогы елдің негізгі видеохостингіне айналған.

Ж. Өрісбай