- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- AirAstana президенті ұшақ...
AirAstana президенті ұшақ билеттерінің бағасына қатысты пікір білдірді
Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер ішкі рейстердегі билет бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Фостердің айтуынша, ішкі рейстерге әуе билеттері нарыққа қарағанда төмен бағамен сатылады.
"Компания күрделі экономикалық жағдайда, инфляциялық қысыммен жұмыс істейді. Дегенмен тарифтерді мүмкіндігінше төмен бағада ұстау үшін барлық шараны қабылдаймыз. Ішкі тарифтер бойынша ешқандай өзгеріс жасаған жоқпыз. Fly Arystan бойынша ішкі бағыттардағы тарифтердің 54 пайызы 14 мың теңгеден төмен, Air Astana бойынша тарифтердің 47 пайызы 20 мың теңгеден төмен сатылады. Былтыр Fly Arystan сатқан орташа тарифтерге қарасаңыз, 49 доллар болған. 2019 жылы Fly Arystan іске қосылғанға дейін ішкі бағыттардағы Air Astana-ның орташа тарифі 81 доллар болды", - деді ол Үкімет кулуарында журналистердің сұрақтарына.
Сурет: ААК
Сонымен қатар, Фостер Қазақстанда әуе тасымалының ішкі нарығы өте жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.
"Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының статистикасына сәйкес, Қазақстанда қазір әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан ішкі тасымалдау нарығы қалыптасқан", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова