Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды

Желіде Air Astana ұшағы Ақтауға амалсыз қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдан Анталияға ұшып шыққан рейс шынымен де Ақтауға амалсыз қонғаны белгілі болды.

"8 қаңтарда Алматы - Анталия бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кетті. Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанындағы ақау себеп болды. Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтар сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақүйге орналастырылды. Осындай шаралар Анталиядағы жолаушыларға қатысты да қолданылып жатыр", - делінген хабарламада.

Ақтау әуежайының баспасөз қызметі де егжей-тегжейлі мәлімет бермей, мұның техникалық себептерге байланысты екенін растады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!