Air Astana рейстер кешігетінін ескертті

Air Astana рейстер кешігетінін ескертті
Фото: depositphotos.com

Air Astana әуекомпаниясы 4 қаңтарда Астанадағы ауа райының қолайсыз болуына байланысты рейстер кешігіп, ұшу кестесіне өзгерістер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әуекомпания 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Алматыдан Airbus A320neo әуе кемелері орындайтын рейстердің кешіккенін мәлімдеген еді. Бұған ауа райының әсерінененгізілген ұшып шығу шектеулері себеп болған.

"Әуекомпания ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажет шараны қабылдап жатыр, оның ішінде FlyArystan-нан резерв ұшақты тарту да қарастырылған", - деп хабарлады Air Astana.

Жолаушылардан әуежайға жолға шығар алдында рейстің мәртебесін міндетті түрде тексеру сұралады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget