Air Astana рейстер кестесіне қатысты пікір білдірді

Air Astana рейстер кестесіне қатысты пікір білдірді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Air Astana рейстер кестесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, 31 желтоқсанда Астанадағы ауа райының жақсаруының арқасында рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.

Сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейстер ұшып, сонша рейстер ұшып келді. Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуекомпания Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді.

Еске салайық, 30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейсі кешікті және 20 рейсі орындалмады. Дубайда 200 жолаушысы және Ыстамбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады.

"Аir Astana жолаушыларға форс-мажор жағдайында түсіністік пен шыдамдылық танытқан үшін алғыс білдіреді және діттеген жеріне аман-есен жетіп, Жаңа жылды туыстары мен жақындарының ортасында қарсы алуларына тілектес", - делінген хабарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек