- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Air Astana президентінің...
Air Astana президентінің балалары неге Қазақстанда білім алмайды?
Air Astana президенті Питер Фостердің отбасы Англияға көшіп кетті. Бұл туралы президенттің әйелі Татьяна Фостер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Air Astana президенті Питер Фостердің әйелі Татьяна Фостер не үшін Англияға көшкенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұған бірнеше себеп бар.
"Бүгін мен сізге ұлдарымның әкесінің туған жерінде өмірдің жаңа кезеңін бастау туралы шешім қабылдауымыздың себептерін, оның барлық жақсы және жағымсыз жағы туралы айтқым келеді. Бұл жолы жай демалыс немесе саяхат емес, бүкіл отбасымыз үшін мүлде жаңа кезеңнің басы - біз балаларымызға Англияда білім беруді, дәстүрді, мәдениетті және әкенің мұрасын сіңіруді шештік. Әкесі Қазақстанда тағы бірнеше жыл қалады. Біздің жоспарымыз күйеуімнің тарихи отанына көшу болатын, енді бұл сәт те келіп жетті..." - дейді ол.
Татьяна Фостер қай қаланы таңдағанын ашып айтты.
"Біз Брайтон Ховты таңдадық, қала орталығынан 7 минуттық және жағалауға дейін 5 минуттық жерде орналасқан тыныш, жайлы отбасылық аймақ. Қаланы таңдаудағы басты себеп - ұлдарымыз оқитын Лансинг колледжі және менің теңізге деген махаббатым", – деді Татьяна.
Алайда бұл шешім Қазақстанда туып-өскен үлкен ұлы үшін оңай болған жоқ.
"Қазір Дэниге туған жерімен қоштасу өте қиын. Ол кеудесіне қағып, үмітсіз дауыспен: "Анашым, мен сіздің көшу туралы түсіндірмелеріңізді түсінемін, бірақ сіз де мені түсінсеңіз – менің жаным қазақ қой" деді. Сол кезде мен жылап жібердім", - деп жазған әйел.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек