Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымдалды

Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымдалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы компания өкілдері хабарлады. 

Air Astana 13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданғаны туралы хабарлады. Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.

"Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді.

Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 7 тамызда Air Astana компаниялар тобы 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіргенін, соның салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады. Атап айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.

Жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, басты мәселе - оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде. Әуекомпания күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіріп, жазғы маусымның басынан бері Топтың Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтарын асқындырғанын хабарлайды. 

"Air Astana Астана халықаралық әуежайдың рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін топ осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!