Air Astana мен FlyArystan қызметіне қатысты шағым көбейді: қандай шара қолданылғаны белгілі болды

Air Astana мен FlyArystan қызметіне қатысты шағым көбейді: қандай шара қолданылғаны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Азаматтық авиация комитеті Air Astana мен FlyArystan компанияларына қатысты шағымдардың көбеюіне байланысты қандай шара қабылдағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Air Astana" АҚ және "FlyArystan" АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні белгілі болды.

"Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан