Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Басты мақсат - активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. "Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек.
Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, IPO - акционерлік қоғамның акцияларын алғашқы рет баршаға ашық түрде сатылуы.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялатыны хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!