Air Astana әуе компаниясы Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.
"Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатты. Бұл рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырға дейін орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова