Air Astana әуекомпаниясына 876 миллион теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарымен Эйр Астанаға қатысты бірлесіп жүргізген тексеріс барысында анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша, Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.
Айта кетейік, отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.
Эйр Астана авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:
Сондай-ақ, Агенттік келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз