Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала хабарламасыз Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Air Astana АҚ-мен жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың өткен кезеңінде Air Astana әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелері Fly Arystan-ға ауыстырылды, бұл - орындалған рейстердің жалпы санының 0,7 пайызы.
"Air Astana" әуекомпаниясына бірнеше тапсырма берілді:
Көлік министрлігі рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайтынын хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз