- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Adidas мұхит қоқыстарынан...
Adidas мұхит қоқыстарынан аяқ киім тігеді
Мұхиттың ластануы бүгіннің басты мәселелірінің бірі болып отыр. Сол үшін де көптеген компаниялар экологиялық таза өнім шығаруға тырысып жүр. Осы орайда Adidas фабрикалары мұхиттан табылған қоқыстарды қайта өңдеп, спорттық аяқ киім тігуді жолға қойды.
Adidas компаниясының жаңа кроссовкісі мұхитқа лақтырылған теңізшілердің балық аулауға арналған торларынан жасалады. Компания әзірге өнімнің алғашқы прототипін ұсынып отыр.
«Бір-біріне оралып қалған торлар мұхиттың экологиясын бұзып қана қоймай, астынан жүзіп өткен балықтардың жойылуына да себеп болып отыр. Жаңа аяқ киім Primeknit технологиясы негізінде толығымен қалдықтан дайындалады», -дейді Parley for the Oceans мұхит экологиясын қорғау ұйымының басшысы Кирилл Гатч (Cyrill Gutsch).
Расында мұхитта қалып қойған торлар ағыспен келетін әртүрлі пластикалық қалдықтарды да жинайды. Мұхит бетінен алынған пластиктер дәстүрлі жолмен қайта өңделеді. Сонымен қатар, Adidas компаниясы пластиктен спорттық футболкалар шығаруды жоспарлап жатыр.
Ж. Өрісбай