Ninety one тобының бұрынғы мүшесі, A.Z лақапатымен танымал рэпер Азамат Зенкаев Райммен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында TALK LIKE бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал әнші Ерке Есмахан жақында Райммен бас қосқан болатын. Бұған дейін ол A.Z-мен жақын қарым-қатынаста болған еді. Ерке Есмахан да, A.Z де оны жасырмады.
Азамат Зенкаевтың сөзінше, өмірде Еркенің қазіргі жұбы Райммен кездесіп тұрмайды, жақын араласпайды.
"Өмірде кездесіп тұрмаймыз (Райммен - еск.). Ninety one-ның кезінде танитын болды, амандасып жүрген бала ғой. Айқын "менімен бірге шығып берші" деді Алматыда. Сол кезде Райм екеуінің концерті болып жатыр екен. Шығып келе жатқан кезде мен амандасқанмын. "Қалайсың, бауырым" деп, "уағалайкумассалам" деп өтіп кетті. Түсінбей қалдым. Кезінде амандасып жүрген бала. "Ей" дедім де, қоя салдым. Сахнаға шығу керек болды. Сол кезді түсінбей қалдым. Былай көзқарасым түзу. Аса қатты сөйлеспеймін ғой негізі. Шығармашылығын үңіліп тыңдап көрмеппін. Былай білемін, естігенмін. Былай болады, жақсы, әркім өзінше жасайды ғой", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін A.Z Ерке Есмаханмен қалай танысқанын, қандай қарым-қатынаста болғанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!