A.Z. лақап атымен танымал рэпер: “Жұбымды таптым”

A.Z. лақап атымен танымал рэпер: “Жұбымды таптым”
Фото: instagram.com/xciii.ix.xxviii/

Ninety one тобының бұрынғы мүшесі, A.Z лақап атымен танымал рэпер Азамат Зенкаев желіде “жұбымды таптым” деп жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жұлдызды жұп" жобасында жұбымды таптым. Түнімен дайындық жасасақ та жобаның ләззатын әлі сезіне алмадым. Дегенмен алда көптеген жаңалықтар күтіп тұр. Бірге болайық, халқым", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от A.Z (@xciii.ix.xxviii)

Азамат Зенкаевтың жобадағы жұбы - әнші Индира Елемес.

Өз кезегінде Индира Елемес те әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жобаға қатысып жатқанын жазды.

"Qazaqstan арнасында жуырда жаңа жоба - "Жұлдызды жұп". Біздің жұп - мен, Индира Елемес және A.Z досым. Сәттілік тілеп қойыңыздар", - деп жазды ол..

Еске салайық, Индира Елемес жақында күйеуі көзіне шөп салып, ажырасайын деп жатқанын мәлімдеген болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева
Logotype Massaget