ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық Александр Шевченко (61 ATP) ширек финалда аргентиналық Франсиско Серундолодан (31 ATP) екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жартылай финалда Серундоло турнирдің екінші ракеткасы, чилилік теннисші Алехандро Табилоны (23 ATP) - 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан канадалық Габриэль Диалломен (118 ATP) ойнайды.

Тағы бір ширек финалдық кездесуде Бейбіт Жұқаев (213 ATP) ресейлік Карен Хачановтан (26 ATP) ұтылды - 2:6, 4:6.

Карен Хачанов жартылай финалда 6:2, 7:6 (13:11) есебімен жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафоны (15 ATP) жарыс жолынан шығарған аустралиялық Александр Вукичпен (85 ATP) кездеседі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!