2 наурызда басталған ҰБТ-ны бүгінге дейін 117 мыңнан аса адам тапсырды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талапкерлердің 71,6 пайызы тестті қазақ тілінде, 28,3 пайызы орыс тілінде және 111 адам ағылшын тілінде тапсырған.
Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67,11 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл - 63 балл. Ең жоғары нәтиже - 139 балл.
ҰБТ өткізілген үшінші аптада 179 рет ереже бұзу дерегі анықталған. 97 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілген. Тағы 82 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған, олардың нәтижелері жойылған.
Өзге адамдардың орнына кіру дерегі анықталмаған.
Айта кетейік, 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу дерегі анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!