- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жаппай жол апаты
95 көліктің жаппай жол апатына ұшырауы: қанша адам зардап шеккен?
Полиция Астана-Петропавловск тасжолында жол апатының салдарын жою кадрларын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 қаңтарда Астана - Петропавловск республикалық тасжолының учаскесінде бірнеше ондаған автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды.
Жаппай апат салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 11 адам жүгінді, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта жол учаскесінде зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда, жергілікті жерде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және "ҚазАвтоЖол" мамандары жұмыс істеп жатыр.
Полицейлердің мәліметінше, елорда бағытында 400-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылған.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды және олардың жұмысына кедергі келтірмеуді сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина