95 көлік соқтығысқан ірі жол апаты қалай басталған? Видео пайда болды

95 көлік соқтығысқан ірі жол апаты қалай басталған? Видео пайда болды
Фото: Instagram/astana__sergek/видео кадры

Әлеуметтік желілерде Астана - Щучинск тасжолында болған жаппай жол апатының басы түсірілген видео пайда болды. Кадрлар көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Видео Astana_sergek Instagram-паблигінде жарияланды.

Кадрлардан қар басқан жолда алдымен екі көлік соқтығысқаны, содан кейін артынан келген көліктер де қақтығысып, ұзын тізбек пайда болғаны көрінеді.

"Видеодан байқалады, жол қозғалысына қатысушылар жылдамдық режимін елемеген - бұл учаскеде белгіленген жылдамдық сағатына 80 шақырым. Көктайғақ пен көріну нашарлаған (50 метрден аз) жағдайда қауіпсіз жылдамдықты ешкім елемеген, мұндай жағдайларда жылдамдық сағатына 40-50 шақырымнан аспауы тиіс еді. Сонымен қатар көліктер арасындағы қашықтық сақталмаған: көліктер тым жақын жүрген, бұл жағдайды одан әрі қиындата түскен", - делінген видео сипаттамасында.

Парақша авторлары "жол ережелерін сақтау арқылы жаппай жол апатын болдырмауға болар еді" деген қорытынды жасайды.

"Бөлек мәселе - қозғалысты ұйымдастыру. Мұндай үлкен колоннаны бір уақытта тасжолға жіберу айқын қателік болған", - делінген видео сипаттамасында.

Еске салайық, бұған дейін Астана - Щучинск тасжолында 95 көлік пен 20 адам зардап шеккен жаппай жол апаты болған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан